$ 443.85  474.3  4.8

Белгілі медиаменеджер ауылдағы үйін мешітке айналдырмақшы (ВИДЕО)

Бұл шешім Дәулетияровтың анасының көзі тірісінде қабылданған екен.

Ол анасы қайтыс болғаннан кейін осындай шешімге келген екен, деп хабарлайды Экспресс К.

Медиаменеджер, ресейлік "Муз-ТВ" арнасының бұрыңғы бас директоры Арман Дәулетияров өзі туып-өскен қара шаңырақты мешіт етпекші. Бұл шешімі туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Бұл үй Ресейдің Орынбор облысындағы Тамаруткуль ауылында орналасқан екен.

– Мен осы үйде туып-өстім. Бірақ, кейіннен ескі үйді сүріп, орнына жаңасын соққанбыз. Бұл баспанада қажеттінің бәрі бар. Мұнда анамның соңғы күндері өтті, — деп жазады ол.

Бұл шешім Дәулетияровтың анасының көзі тірісінде қабылданған екен. Мешітке Айман Дәулетиярованың есімі берілмекші. Медиаменеджер шешесінің жылдық асы өткеннен кейін ғимаратқа жөндеу жүргізіп, мешітке айналдырмақшы.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары