$ 445.66  474.58  4.78

«Қазпоштаның» екі қызметкері 37 миллион теңгеден аса қаржы жымқырған

Сонымен қатар, олар 2013-2020 жылдары ішінде құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 миллион теңгедан аса қаражатын иемденіп алған.

Батыс Қазақстан облысында "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкері 37 миллион теңгеден аса қаржы жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаржылық мониторинг агенттігі БҚО бойынша департаменті "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкерінің ЖШС бірінің шотына өткізген ақшасын 4 жыл бойы ұрлау дерегін анықтады. Барлығы 37 миллион теңгеден аса ақша ұрланған. Сонымен қатар, олар 2013-2020 жылдары ішінде құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 миллион теңгедан аса қаражатын иемденіп алған", - делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, операторлар 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары