$ 444.32  473.33  4.76

Таразда тал-түсте қару асынып жүрген адамдар тұрғындардың зәресін алды

Тараздықтардың үрейін алған бұл жағдай бүгін таңертең болған.

Қала көшелерінде автомат ұстап алып, ағаштарды қалқалап жүрген әскерилерді тұрғындар фотоға түсіріп алған, деп хабарлайды Экспресс К. 

Тараздықтардың үрейін алған бұл жағдай бүгін таңертең болған. Мессенджерлерде көшеде қару асынып жүрген әскерилердің суреттері тарады. Әскери формадағы адамдар тіпті орталық алаң маңындағы ғимараттың шатырына шығып алыпты.

Кейін белгілі болғандай, қалада терроризмге қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілген екен. Ондағы мақсат — құқық қорғау және арнайы органдардың терроризм актілеріне қарсы тұру және болдырмау бойынша дайындығын тексеру. Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы тұрғындар үшін алаңдайтын еш негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары