$ 444.22  476.38  4.82

Үш баласын суға тұншықтырмақ болған әйел жоғалып кетті

Әуезов аудандық Полиция басқармасының хабарлауынша, әйел оқиғадан кейін бірден арнайы медициналық мекемеге жатқызылған.

Алматыдағы Сайран көлінде үш баласын тұншықтарған әйелдің әрекеті жұрттың жағасын ұстатқан еді. Осы оқиғадан кейін әйелді дәрігерлер психикалық орталығына жіберген болатын. Бүгін кейбір ақпарат құралдарында ол әйелдің аталмыш орталықтан кетіп қалғаны әрі оның нақты қайда жүргені белгісіз деген ақпарат тарады.

Алматы Полиция департаменті де бұл ақпараттан хабарсыз екенін әрі ұқық қорғау органдарына әйелдің орталықтан шығарылғаны туралы ақпарат түспегенін айтқан.

 «Әуезов аудандық Полиция басқармасының хабарлауынша, әйел оқиғадан кейін бірден арнайы медициналық мекемеге жатқызылған. Қылмыстық іс аясында сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін органға оның шығарылғаны туралы ақпарат түскен жоқ. Ең алдымен, ол осы медициналық мекемеде болады», – деп хабарлады Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ақмарал Басирова есімді қоғам белсендісі әйелдің психологиялық денсаулық орталығынан шыққанын туралы ақпарат алғанын айтады. Алайда аталған орталық ақпаратты ресми түрде растамаған. Әйелдің дәл қазір қайда екенін айтуға болмайды. Ал әкесі мен балалары жалдамалы пәтерден көшіп кеткен. Бұл туралы қамқоршылық қызметкерлеріне пәтер иесі айтқан. Олардың қайда екені белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары