$ 443.85  474.3  4.8

Теңіз кен орнында тағы бір жұмысшының мәйіті табылды

Әзірге құзырлы орган толық мән-жайды ашып айтпай отыр.

Теңіз кен орнында тағы бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды “Астана” арнасы.

Қайғылы жағдай Өркен ауылында болған. Құбырларды қысыммен тексеруден кейін 51 жастағы ер адамның денесі құрылыс алаңынан табылған. Әзірге құзырлы орган толық мән-жайды ашып айтпай отыр.

Марқұм Атырау қаласының тұрғыны. "Қазтурборемонт" мердігер фирмасының қызметкері болған. Ал бұл мекеме "Теңізшевройл" компаниясының серіктесі. Қазір оқиға орнында тергеу амалы жалғасып жатыр. Қандай жағдайда жазым болғаны әзірге жұмбақ.

Облыстық полиция департаменті оқиғаның жай-жапсарын алдағы уақытта айтамыз дейді. Ал жұмыс беруші фирма қаза тапқан азаматтың отбасына материалдық көмек көрсетеміз деген уәдесін берді. Бірақ жәрдемақының мөлшерін нақтыламады. Марқұмның мәйіті үйіне жеткізілген. 

“Бұл оқыстан болды. Теңіз кенішінде үлкен тәжіриесі бар маман болатын. Құбырға герметикалық сынақ жүргізіп жатқан болатын. Шлангінің бірі жүктемені көтере алмай жұмысшыға соғылды. Жерлеу рәсімдерінің шығындарын көтереміз. Өтемақы төлеумен компания басшылығы айналысып жатыр”, – дейді мердігер компания өкілі Бақтияр Халматов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары