$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда сәбиді құтқарып қалған полицейдің шені жоғарылады

Ол төменге түсіп, баланы қызметтік көйлегіне орап, абайлап шығарып алған.

Алматыда жаңа туған нәрестені құтқарып қалған полицейлердің бірі Нұржан Шатунов полиция майоры шенін алды.

"Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен полиция капитаны Нұржан Шатунов өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі мен жанқиярлығы үшін майор атағын алды", - делінген хабарламада.

Ал криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі лейтенант Ғазиз Хамасқалиевке үш жалақы мөлшерінде сыйақы берілген. Ғазиз Хамасқалиев болды. Ол төменге түсіп, баланы қызметтік көйлегіне орап, абайлап шығарып алған. 

Бұған дейін, Алматылық полицейлер анасы дәретханада босанып, тастап кеткен жаңа туған нәрестені құтқарып қалғанын хабарлаған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары