Түркістан облысында Жетісай қаласының орталық базары өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін түнгі сағат үштер шамасында басталған өрт таңға жақын сөндірілген.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, базардағы сауда қатарларының тығыз орналасқан жері , маталар мен киім кешектер, тұрмысқа қажетті заттар сататын аумағы отқа оранған.
Өңірдің төтенше жағдай департаменті нақты ақпарат сәл кейін болатынын хабарлады.
Өрттің нақты неден шыққаны да белгісіз.