Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базаршолан ауылында жоғалып кеткен 18 жастағы Ерасыл Төлеуғалидың денесі Жайық өзенінен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"25 тамызда Ерасыл Төлеуғалидың денесін сүңгуірлер Жайық өзенінен тапты. Ол суға киіммен түскен", - делінген хабарламада.
Еске салайық, колледждің 3-курс студенті Ерасыл Төлеуғали демалыс кезінде Ақжайық ауданындағы туыстарына барып, үй шаруасына көмектесуді ұйғарған. Студент жігіт Базаршолан ауылының жанындағы Қыдырбай қыстауында болған. Алайда 21 тамызда қыстаудағы шөп өртеніп, Ерасыл туыстарымен бірге малды алысырақ айдауға алып шыққан. Артынан інілерін үйге қайтарған ол сол күйі қайтып келмеген.
Жігіт 25 тамызда Оралға оралуы керек болған.