$ 498.51  522.84  4.81

Оқушыға үлкен өлшемді мектеп формасын берген директор жауапқа тартылды

Бұған дейін оқушының анасы әлеуметтік желіде жазба жариялап, қызына берілген мектеп форманың шамадан тыс үлкен екендігіне шағымданған еді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Жетісу облысы білім басқармасы оқушыға берілген үлкен размердегі мектеп формасын ауыстырып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін оқушының анасы әлеуметтік желіде жазба жариялап, қызына берілген мектеп форманың шамадан тыс үлкен екендігіне шағымданған еді.

Осы жайтқа байланысты Жетісу облысының білім басқармасы түсініктеме беріп, бұғаған жол берген мектеп директорына қатаң сөгіс берілгенін жеткізді.

«Кербулақ ауданы Нұрым ауылының 4 сынып оқушысы жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен көмек алатын оқушылардың тізімінде болмаған. Анасының өтінішіне байланысты мектеп формасы берілген, оқушыға өлшемі үлкен болған. Бүгінде форма ауыстырып берілді. Орын алған жағдайға жол берген мектеп директорына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік шара қолданылды»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары