Белгілі журналист Серік Абас-шах қайда? Оған іздеу салған адамдар көп.
Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай әлеуметтік желідегі парақшасында Серік Абас-шах туралы жазды.
«Белгілі журналист Серік Аббас-шах қайда?
Неге көрінбей кетуі мүмкін?
А) Қорқытып шығармай тастады
Б) Демалыста
С) Қызмет беріп алдап қойды
Д) Бәрінен шаршап, сыралатып жүр
Б) Депутат болуы әбден мүмкін», деп оқырмандарына сауал тастап, бірнеше варианттар ұсынды.
Оқырмандар Серік Абас-шахтан сұхбат алуын өтінді.
«Осы кісімен сұхбаттасанызшы, өтініш», деп жазған оқырманына «бермейді сұхбат» деп жауап жазды.
Бұған дейін Нұрсейіт Жылқышыбай Серік Абас-шахтан сұхбат алуды қолқалаған сыңайлы.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде белсенділік танытытып жүретін Серік Абас-шахтың инстаграм парақшасынан да, фейсбуктегі парақшасынан да шілде айының соңынан бері бір ай көлемінде ешқандай жазба жарияламағанын байқауға болады.
Бәлкім, журналист әлеуметтік желіден тыныққысы келген болуы да мүмкін.