$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында ит соятын қасапхана анықталды

Волонтерлердің айтуынша сойылған ит еті саудаға шығарылады.

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көлді ауылында иттерді соятын орын табылды. Волонтерлердің айтуынша сойылған ит еті саудаға шығарылады.

Анастасия Малыгина есімді тұрғын өзінің пародалық итін ит аулаушылар алып кеткенін естіп, іздеу салады. Тіпті көмекке еріктілерді шақырады.

«Мен ит аулаушыларға хабарластым. Олар қандай ит деп сұрады. Мен фотосын жібердім. Олар маған «бұл ит емес қой» деп жауап берді, мазақ қылғандай. Сол күйі итімді таппадым», – дейді Анастасия Малыгина.

Ит аулаушылар мекемесіне барған еріктілерді жұмысшылар бір сағат күшпен ұстаған. Тіпті қоқан-лоққы көрсетіп, қол жұмсаған.

«Бізді былапыт сөздермен боқтап, көлігіміздің есігін ұрғылады. Жолымызды жауып жүргізбей тастады», – дейді волонтер Мина Исмаилова.

Еріктілер жапанда жалғыз, оқшау тұрған жерді тауып алған. Ол ит соятын орын болып шықты. Олар келген бойда 17 итті босатқан.

«Иттердің бас сүйегі жатты. Кейбір бас сүйек жаңа сойылған иттікі. Мұнда міне, пышақ, итті ұратын темір таяқ, құрал-жабдықтың бәрі бар. Міне қараңыздар. Жаңа аққан қанның іздері», – дейді Мина Исмаилова.

Ит соятын орында газ баллон мен таразы да тұр. Полиция қызметкерлері аталған іс бойынша тергеуші тағайындалып, тергеу ісі басталғанын айтады. Ал Көлді ауылының әкімі Серік Қалижанұлы ауыл маңындағы ит соятын орынды бірінші рет көргенін айтады. Оқиғаны егжей-тегжейлі тексерген соң қандай да бір мәлімет беретінін айтты.

Полицияның дерегінше, аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Дереккөз: ulysmedia.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары