Күні кеше отандық басылымдардың бірінде Семейде Ұлы Отан соғысына қатысты халықтың білімін жетілдіруге қатысты "Жеңіс диктанты" өтетіні туралы ақпарат тарады. Аталған жайтқа отандық журналист Оңғар Қабден пікір білдіріп, мұндай шаралардың артында Ресей тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасына арнайы жазба қалдырып, ҰҚК-не үндеу жасады. Айтуынша, дәл осы шараның артында сепаратистер тұруы бек мүмкін.
“Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті! Сіздерге халық бүкіл айғақты қолдарыңызға дайын күйінде ұстатып отыр. Осыдан кейін жұмыс істемесеңіздер білмеймін енді.
Мына "Диктант Победаның" астарында сеператизм қылаң береді. Ұйымдастырушылары Россотруничество екен. Оны қуаласа ФСБ-ға апарады. Біз тәуелсіз мемлекетпіз. Всероссиская акцияға тәуелсіз Қазақстанның қатысы қанша?
Бөтен мемлекеттің идеологиясының біздің елде жүргізілуіне қарсымын!”, – деп жазды ол.