30 тамыз - Конституция күніне орай Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде азаматтар, көлік құралдары мен жүк өткізілмейді, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің бәрінен енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — деп ескертеді комитеттен.