Жаңалықтар 27.08.2022 сағат 21:11

Зорлады деп танысына жала жапқан өскемендік қыз сотталды

Сол кезде әйел ашынасынан өш алу үшін полицияға зорлады деп арыз жазған.
Зорлады деп танысына жала жапқан өскемендік қыз сотталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өскемен тұрғыны танысына зорлады деп жала жапқаны үшін кінәлі деп танылды.

Іс материалдарына сүйенсек, әйел бұрын өзімен бірге тұрған ер адамды үйіне шақырған. Ол үйленген екен. Жыныстық қатынастан кейін әйел одан жұбайынан ажырасып, өзіне қайтып оралуды сұраған. Бірақ ер адам бас тартқан, деп хабарлайды Noks.kz басылымы.

Сол кезде әйел ашынасынан өш алу үшін полицияға зорлады деп арыз жазған.

Алайда тергеу кезінде "жәбірленушінің" өтірігі ашылып қалды. Осыдан кейін полиция әйелдің үстінен іс қозғады.
Сот қала тұрғынын Қылмыстық кодекстің 419-бабы 3-тармағы (адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптап, көрiнеу жалған сөз жеткiзу) бойынша кінәлі деп танып, шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айырды.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар