Атырауда электросамокат айдаған 11 жастағы баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласында 27 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Mitsubishi Outlander автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойында реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен электросамокатпен өтіп келе жатқан 11 жастағы жасөспірім баланы қағып құлатқан.
Соққы салдарынан 11 жастағы жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда. Анықталған ақпараттарға сәйкес көлік жүргізушісі - шетел азаматы.
Айта кетейік, жыл басынан бері осыған ұқсас электросамокаттың қатысуымен 3 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Атыраулық полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол қауіпсіздігің қатаң сақтауды сұрайды.