Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президентіне жойқын су тасқынына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістандағы адамдардың қазасы мен көпшіліктің зардап шегуіне әкелген жойқын су тасқыны туралы хабарды қатты қайғыра қабылдағанын жеткізді.
Мемлекет басшысы жеделхатта Пәкістан Президенті Ариф Альвиге және жақындарынан айырылған отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасып, осы қиын кезеңде Пәкістан халқы мен үкіметімен бірге екенін білдірді.
Еске салсақ, Пәкістан аумағының басым бөлігі су тасқынынан зардап шеккенін хабарлаған едік.