Атырауда ірі мұнай компаниясының 100 жылдығына арналған концерт өтті. Концертке 15 мыңнан астам тұрғын жиналды.
Ересектер демалып, ән тыңдап жатқанда, 120 бала жоғалып кеткен. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.
– Атыраудағы концертте балалардың жоғалуына байланысты 120 өтініш келіп түсті, концертке 15 мың халық жиналды, – делінген Атырау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Полиция департаменті 1 сағатқа дейінгі уақыт аралығында балалар табылып, ата-аналарымен аман-есен қауышқанын хабарлады.