Жаңалықтар 29.08.2022 сағат 15:42

Бразилиялық нокаутер Жәнібек Әлімханұлын жекпе–жекке шақырды

«Енді сен нағыз чемпион атанған кезде белдігіңді тартып ала аламын».
Бразилиялық нокаутер Жәнібек Әлімханұлын жекпе–жекке шақырды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Орта салмақтағы бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) WBO әлем чемпионы атанған қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (12-0, 8 KO) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Қазақ стилі» лақап атымен танымал Ж.Әлімханұлына Э. Фалькао Twitter-де жазба қалдырып, кездесу өткізуді ұсынды.

«Енді сен нағыз чемпион атанған кезде белдігіңді тартып ала аламын. Кеттік, чемпион», — деп жазған ол постта Top Rank промоутерлік компаниясының аккаунтын белгіледі.

Оған қазақ боксшысы жауап берді.

«Менімен жекпе–жекке шыққың келсе, алдымен чемпион болуың керек. Сонда ғана сөйлесерміз. Маған чемпиондық атағы жоқ боксшылар қызық емес. Мен сені құрметтеймін, бірақ бокс әлемінде сенің атың шықпаған. Мен Чарломен, «Канеломен» айқасқа түскім келеді!», - деді Жәнібек.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар