$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола облысында зираттан қару-жарақ табылды

Табылған мылтықтар мен патрондар сараптамаға жіберілді.

Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Щучинск қаласы бағытындағы мұсылман зираты аумағынан жасырылған атыс қару-жарағын тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Орыннан "НЦ-12" маркалы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, "Сайга-410" маркалы тегіс ұңғылы мылтық, 36 және 9 калибрлі патрондар тәркіленді. Табылған мылтықтар мен патрондар сараптамаға жіберілді.

Тексеру барысында иесі анықталды. Ол 48 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Ер адам 2015 жылы полицияға қару жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінген.

Қаруды жоғалту немесе ұрлау иесін әртүрлі жауапқа әкеп соғуы мүмкін. Бұндай жағдай болса, дереу полицияға хабарлау керегі айтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары