$ 449.58  486.94  4.86

Талдықорғанда жасөспірім қызды зорлаған 20 жастағы күдікті ұсталды

Кәмелетке толмаған қыздың зорланғаны туралы арыз 29 тамызда түскен.

Талдықорғанда жасөспірім қызды зорлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz басылымы.

Басылым мәліметінше, Талдықорған полициясына кәмелетке толмаған қыздың зорланғаны туралы арыз 29 тамызда түскен.

"Дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабының 3-1 бөлігі және 121-бабының 3-1 бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды. Зорлау Тоyota Camry автокөлігінің салонында болғаны анықталды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды", - делінген хабарламада.

Қалалық полиция қызметкерлері күдікті ретінде 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Тергеуді облыстық Полиция департаменті бақылауға алды.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары