$ 444.32  473.33  4.76

«Келесі кім?»: Жәнібек Әлімханұлы өзіне қарсылас таңдады

Менің барлық чемпионды нокаутқа түсіретіндей қабілетім бар.

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) алға қойған мақсаты туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлімханұлы америкалық Джермалл Чарлоға қарсы рингке шығып, одан WBC белбеуін тартып алғысы келетінін мәлімдеді.

"Чарломен жекпе-жек өткізіп, WBC белбеуін алғым келеді. Бұл мен үшін оңай болатынына сенімдімін. Мен жеңіл болады десем, демек, расымен солай. Мен екі экс-чемпионды (Роб Брант пен Хассан Нжикам) және жеңілмеген боксшыны (Дэнни Дигнум) нокаутқа түсіргенмін. Мен - әлем чемпионымын. Менің барлық чемпионды нокаутқа түсіретіндей қабілетім бар. Келесі кім?" - деп береді Жәнібектің сөзін Boxingscene.com.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары