Жаңалықтар 31.08.2022 сағат 12:20

Украинаға соғысуға кеткен Қазақстан азаматтарын іздестіру жұмыстары басталды

Ведомство өкілдері егер азаматтар қарулы қақтығысқа қатысқаннан кейін Қазақстанға оралса, оларға қатысты тиісті жаза қолданылатынын атап өтті.
Украинаға соғысуға кеткен Қазақстан азаматтарын іздестіру жұмыстары басталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Украинадағы соғыс қимылдарына қатысу үшін елден кеткен қазақстандықтарды іздестіру жұмыстарын жүргізуде, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ҰҚК мәлімдеді.

"Украинадағы соғыс қимылдары аясында халықаралық жағдайдың шиеленісуін ескере отырып, жекелеген қазақстандық азаматтардың қарулы қақтығысқа қатысу үшін шетелге кетуі мүмкін екені жоққа шығарылмайды. ҰҚК органдары оларды табу, олар туралы қажетті ақпаратты алу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді қауіпсіздік комитеті.

Ведомство өкілдері егер азаматтар қарулы қақтығысқа қатысқаннан кейін Қазақстанға оралса, оларға қатысты тиісті жаза қолданылатынын атап өтті.

Атап айтқанда, Қазақстан азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе ұрыс қимылдарына қасақана заңсыз қатысқаны үшін мемлекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 170 бабы "Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу" және 172 бабы "Жалдамалы" баптарына сәйкес бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар