$ 447.4  477.55  4.76

«Алматыда рейдерлік топтардан 154 пәтер, миллиондаған доллар тәркіленді» – агенттік

Биыл 14 шілдеде Р.Бабаев, Т.Танашев, Д.Әбижанов және А.Алтыбасаровқа қатысты сот қамауға алуды санкциялады.

Қаржылық мониторинг агенттігі бірнеше ЖШС-ны рейдерлік жолмен басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алдын ала болжам бойынша, зардап шегушіге келтірілген шығын көлемі 18 млрд теңгеден астам қаражатты құрайды.

Биыл 14 шілдеде Р.Бабаев, Т.Танашев, Д.Әбижанов және А.Алтыбасаровқа қатысты сот қамауға алуды санкциялады. Қоспаев, Шалин және Имашевқа  халықаралық іздеуге жарияланды.

Мүлікті анықтау және тыйым салу шаралары қабылданды. Жоғарыда аталған азаматтардың $9 млн жуық құрайтын қаражаты, зергерлік бұйымдары қамауға алынды.

Күдіктілер мен оларға қатысты тұлғалардың 154 жылжымайтын мүлік объектісі, 19 көлік тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.

“ҚМА-ға аталған топ мүшелерінің рейдерлік әрекетінен зардап шеккен азаматтардан арыздар әлі де келіп түсуде. Осыған орай, Қоспаевтың және басқа да тұлғалардың әрекетінен зардап шеккен кәсіпкерлерді ҚМА немесе аумақтық департаменттерге хабарласуға шақырамыз”, – делінген агенттік хабарламасында.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары