Лаоста еңбек құлдығына түскен Қазақстан азаматы Анель Бермағанбетова елге оралды. Бұл туралы қыз әлеуметтік желіде мәлімдеді.
«Мен үйдемін, менің Қазақстаным», – деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетсек, 21 тамызда қазақстандық Анель Бермағанбетова Лаос мемлекетінде еңбек құлдығында екенін мәлімдеген еді.