$ 448.15  483.46  4.86

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында «Forte Bank» Шымкенттен жаңа бөлімшесін ашпақ

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Forte Bank» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Мағжан Әуезовпен кездесті. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Басқосуда тараптар екі жақты әріптестік жайын талқылап, аталған банктың облыс көлемінде атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы уақытта әкімдікпен бірлесе атқаратын шаруалары туралы әңгімелесті. 

Өз кезегінде, М.Әуезов аталған банк жетекшілігімен шағын және орта бизнес бойынша несие беру бағдарламасының түзіліп жатқанын баяндаса, Жансейіт Түймебаев шағын кәсіп түрлері дамып келе жатқан өңірдегі азаматтар үшін бұл  жақсы мүмкіндік екенін айтты. 

Айта кету керек, «Forte Bank» акционерлік қоғамы 20 жылдан астам уақыттан бері еліміздегі үздік банктер қатарында банк қызметін ұсынып келеді. Банктің республика бойынша 19 облыстық филиалы, 150 бөлімшесі бар. Енді ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Шымкент қаласында банк филиалының жаңа ғимараты ашылып, халыққа қызмет көрсете бастайды деп күтілуде. 

Оңтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің банктегі кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау бағытымен «Forte Bank» АҚ арқылы жалпы кредит сомасы 4 522,2 млн. теңгені құрайтын 39 жобаға қолдау көрсетілген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары