9 – желтоқсан Халықаралық жемқорлықпен күрес күні. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және аталған датаға орай Шымкентте «Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «ХҚКО»департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет: құқықтық қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттары» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел отырысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша Шымкент қалалық филиалы "Нұр Отан"партиясының ОҚО филиалының «Жастар» қоғамының төрағасы Бауыржан Қамбарбекұлы, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Гүлжан Есенқызы, ҚР "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ОҚО бойынша бөлім басшысының орынбасары Газизбек Иманбекұлы, вице президент «Сана Сезім» Хасанова Шахноза және «ХҚКО»департамент директорының орынбасары Еркебұлан Асанбайұлы қатысты .
Жиын барысында «Сыбайлас жемқорлық» қатысушылар пікір алмасып, сұрақтар қойылып, жемқорлықтың алдын алу жолында атқарылып жатқан шаралармен таныстырып өтті.
Жиналыс қортындысы бойынша мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және оған жол бермеу, мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін нығайту ұсынылды.
«ХҚКО»департамент директорының орынбасары Еркебұлан Алсеитовтың айтуынша, бүгінде әрбір мемлекеттік мекемеде сенім телефондары орнатылған, жемқорлықтың куәсі болған адамдар ол жайында хабарлай алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үнемі алдын алу шаралары мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.