$ 494.87  520.65  4.91

«Лукойл» вице-президенті 6-қабаттан құлап, мерт болды

Мұнай компаниясының топ-менеджері суицид жасады деген болжам бар.

"Лукойл" директорлар кеңесінің басшысы Равиль Маганов аурухана терезесінен құлап, салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

67 жастағы Равиль Маганов Мәскеудегі клиникалық ауруханада алтыншы қабаттағы бөлімшеде ем алып жатқан. Мұнай компаниясының топ-менеджері суицид жасады деген болжам бар.

1980 жылдары Маганов “Лангепаснефтегаз” компаниясында жұмыс істеген. Аталған компания 1991 жылы құрылған “Лукойл”-дың құрамына енген. Маганов “Лукойл” атауын ойлап тапқан адам.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары