$ 444.22  476.38  4.82

«Президенттің конституциялық новеллалары саяси тұрақтылық пен Жаңа Қазақстанды нығайтады» – Башимов

Бұл Жолдау ауқымды, мазмұнды, мәні жағынан адам құқықтарын қорғайды және қоғам үшін қажет.

Еуропалық құқық пен адам құқығы сараптама институтының директоры Марат Башимов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтқан мәлімдемелеріне шолу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Аса байларға арналған «сән-салтанат» салығы және табысты әділ бөлу. Қоғам ұзақ уақыт бойы осы мәселе бойынша әділдік іздеді. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осы мәселені көтерді. Суперолигархтар, кедейленген халық пен «жүдеу» орта тап. Міне, бүгінгі күннің шындығы. Сол себепті Преиздент Жолдауында аса байларға салынатын салық туралы өте орынды айтты. Табысты тексеру де маңызды аспект. Конгломерат. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру. Жаңа Салық кодексі, қала құрылысы және мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң. Осы салаларда әдеттегідей сыбайлас жемқорлы гүлденіп жатқанын бәрі біледі", – деді сарапшы.

Марат Башимов Жолдауда адами капитал, барлығына тең құқықтар мен мүмкіндіктер, балабақша мен тәрбиешілер мәселесі көтерілгенін, Ұлттық қор қаржысының 50 пайызын балалардың жинақ шотына аудару да маңызды шешім екенін атап өтті.  Бұл ақшаны 18 жасқа толғаннан кейін әр бала үй алуға және білім алуға жұмсай алады.

"Бізге сыбайлас жемқорлықтан азат және әділ сот төрелігін жүзеге асыратын соттар қажет. Судьяларды қазылар алқасы өздері сайлайды. Судьяларға қысым көрсетуді тоқтатып, сонымен бірге Сот қазылары тәртіптік құқық бұзушылықтарға тартуды жалғастырады. Сот алымдары төмендейді. Ал Жоғарғы Сот Кеңесі кадр мәселесімен толық айналысады. Сарапшылар қауымы ұмтылған дүниесі орындалды", – деді Еуропалық құқық пен адам құқығы сараптама институтының директоры.

Сондай-ақ, террористік қылмыс жасағандарды қоспағанда, Қаңтар оқиғасына қатысушылардың барлығына кешірім жасалады. Ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босату алынып тасталды. Әкімшілік құқық бұзушылықтарды сотқа беру арқылы әкімшілік сот төрелігін кеңейту. Тағы бір бастама, жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаражаттың барлығы мектеп құрылысына жұмсалуы керек.

"Мемлекет басшысы Жолдауында Президент пен Парламент сайлауын өткізу мерзімін көпшілікке жариялады. Парламент пен мәслихаттар сайлауы  – 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында, 2022 жылдың күзінде Президент сайлауы өтеді. Президент бір мерзімге 7 жылға сайланады. Бұл конституциялық новеллалар саяси тұрақтылық пен Жаңа Қазақстанды нығайтады. Бұл Жолдау ауқымды, мазмұнды, мәні жағынан адам құқықтарын қорғайды және қоғам үшін қажет", – деп сөзін түйіндеді Марат Башимов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары