$ 494.87  520.65  4.91

«Оқуға қорықтым»: Шымкентте 48 жастағы ер адам алғаш рет мектеп есігін ашты

Ол ешқашан мектепке бармаған.

Шымкентте 48 жастағы ер адам алғаш рет сауатын ашты. Қазір ол қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жүр. Бүгін 167/2 түзеу мекемесінде 48 сотталушы үшін оқу жылы басталды, деп хабарлайды Otyrar.kz. 

48 жастағы Диас (аты өзгертілді – авт) өмірінде алғаш рет мектеп есігін ашып отыр. Оның балалық шағы көшеде өткен. Ата-анасы ерте көз жұмған соң одан туыстары бас тартқан. Ол ешқашан мектепке бармаған, оқи да, жаза да алмайды.

"Мен бала кезімнен ұрлық жасадым, үнемі қарным ашып жүретін, кейде қайыр сұрайтынмын. Ешқашан өз үйім болмаған. 20 жасымда дүкен тонап, колониядан бір-ақ шықтым. Содан кейін тағы жаза басып, келесі мерзімге кесілдім. Бірақ еш оқығым келмейтін, қолымнан ештеңе келмейтініме ұялатынмын. Қазір жиі сабақ өтеміз, фильмдер қараймыз, психологиялық тренингтерге қатысып, кітап жайлы әңгіме естиміз. Сондықтан оқуға деген ынтам пайда болды. Ұзақ уақыт күмәнданып жүрдім, тіпті қорықтым да. Дегенмен мектепке баруды жөн көрдім", - дейді сотталған ер адам.

Алғаш рет білім алуға бел буған сотталғандар тікелей алтыншы сыныпқа барады. Онда мұғалімдер әдебиет, математика, тарих пәндерінен сабақ береді. Диас пен оның камераластары оқу мен жазуды үйренбек.

"Мекемеде жазасын өтеп жатқандардың көбі оқу-жазу білмейді. Кейбіріне аты-жөнін жазу қиынға соғады. Бастауыш білім беруге тырысамыз. Кейбірі колледжде оқиды", - дейді тәрбие бөлімінің басшысы Талғат Боранов.

Биыл 48 сотталушы алғаш рет мектепке барды. Мекемеде барлығы 72 адам білім алып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары