$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда дәретханадан табылған шақалақ әлі жансақтау бөлімінде жатыр

Дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты ауыр деп отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматыда полиция қызметкерлері аман алып қалған шақалақтың жағдайымен танысты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Құтқарылған сәбиді көруге ауруханаға полиция қызметкерлері Нұржан Шатунов пен Ғазиз Хамасқалиев барып қайтты.

Дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты ауыр деп отыр.

– Әріптестерімізбен бірге сәбиді «Батыр» деп атап кеттік, оның өмірі үшін үздік дәрігерлердің күресіп жатқандығын білеміз. Оларға көп рақмет. Балақай қазір жансақтау бөлімінде жатыр, оған қажетті заттарды алып келдік. Сәбиге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Нұржан Шатунов.

Еске сала кетейік, 25 тамыз күні Алматыда полицейлер дәретхана шұңқырынан жаңа туған нәрестені алып шыққан еді.

17 жастағы келіншек түсік болды деп шағымданып, сәбиінен құтылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары