$ 494.87  520.65  4.91

Жоғары сынып оқушысы алғашқы қоңырауды соққан қызды оңбай құлатып алды

Видео авторы бұл оқиғаның қай өңірдегі мектепте болғаны туралы ақпарат бермеген.

Білім күніне орай өткен шарада алғашқы қоңырауды соққан оқушы қыз оңбай құлады. Себебі оны иығына отырғызып, көтермек болған жоғары сыныптағы ер бала тепе-теңдікті сақтай алмаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл сәттің видеосын ТікТок қолданушысы өз парақшасында жариялады.

Мектеп ұжымы алғашқы қоңырауды бір ғана емес, бірнеше оқушыға соқтырмақ болған. Осы сәтте жоғары сыныптағы ер бала кішкентай қызды көтермек болғанда артқа қарай иіліп, құлап түседі. Абырой болғанда олардың ешбірі қатты жарақат алмаған.

Видеоны көрген желі қолданушылары қоңырауды соққан және оны көтермек болған оқушыға жандары ашып, бастысы ешкімнің денсаулығына зиян келмегеніне қуанды.

"Күлетін нәрсе емес, мұндай қолайсыз жағдай бәрінде болады", "Ұрпағымыз әлсіреп жатыр ма?", "Көтермей-ақ қою керек еді", "Қызымыз батыр екен, құласа да қоңырауды құлатпай, тік ұстап тұрды", "Өзі аман ба екен? Байқамай қалды ғой", "Енді әдейі істеген жоқ қой", "Жігіт жарады, қызды жарақаттамауға ырысты", "Жаным, ұялып қалды өзі. Ешнәрсе етпейді, бәрімізде болады ондай. Бірақ қазіргі тамақ та құнарсыз ғой" деп жазды желі қолданушылары.

Видео авторы бұл оқиғаның қай өңірдегі мектепте болғаны туралы ақпарат бермеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Оқыс оқиға