$ 494.87  520.65  4.91

Көпшілікті «кәпір, малғұн, ібіліс, шайтанның әскеріне» теңеген Бекболат Тілеухан заң алдында жауап беруі мүмкін

Дінтанушы Тұрарбек Құсайынның айтуынша, арыз қарау және мәні бойынша шаралар қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жолданған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Естеріңізде болса, белгілі зерттеуші, дінтанушы Тұрарбек Құсайынның экс-депутат Бекболат Тілеуханның үстінен прокуратураға арыз түсіргенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Ол Бекболат Тілеуханды ата-баба дәстүрін ұстанатын зайырлы көпшілікті кәпір, малғұн, ібіліс, шайтанның әскеріне теңегені үшін заң алдында жауап беруі керек деп есептейді.

Kznews тілшісі Тұрарбек Құсайынның өзіне хабарласып істің қай сатыда екенін сұраған болатын.

Оның айтуынша, арыз қарау және мәні бойынша шаралар қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жолданған.

Ал дінтанушы Әл-Фараби Болатжанның пікірінше, Бекболат Тілеуханның өзінің оппоненттерін «шайтан, ібіліс, малғұнның әскері» деп айыптауы сөздік мағынасы жағынан дұрыс емес, анығында «шайтан» мен «ібілісті» кейбіреулер мифологиялық кейіпкерлер ретінде қарастырып, аса назар аудармауы мүмкін, бірақ «малғұн» деген сөздің нақты семантикасы бар. Ол сөз араб тілінен енген «лағынет астында, лағынетті, қарғысталған» дегенді білдіреді.

Бекболаттың бұл әрекеті «тәкпіршілер» деп аталатын жамағат өкілдерінің сенімдеріне ұқсап кетеді. Өйткені олар өздерінің жалған сенімдерімен көптеген мұсылмандарды сенім мен күпірлік, бірқұдайлық пен серік қосу мәселесінде адастырып, өздерінен басқа мұсылмандарды адасқан деп айыптайды. Ал сіз қандай кесім айтасыз?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары