02.09.2022, 15:00

Білім күні күтпеген жерден жұлдыз болған балақайдың кім екені белгілі болды

Баланың есімі - Жанасыл. Жасы төртте. Алты баланың ең кішісі екен.

Елді тамсандырып, кешегі Білім күнінің ең танымал суреті болған балақай БҚО-ның Қазталов ауданындағы Қараөзен ауылында тұрады екен, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Баланың есімі - Жанасыл. Жасы төртте. Алты баланың ең кішісі екен.  

БАҚ-та тараған мәліметтерде ол салтанатты шараға ағасымен бірге барғаны айтылуда. 

"Өзі костюм киіп барғысы келді. Сөйтіп, киіндіріп алып бардық. Олай танымал болады деп ойлаған жоқпыз", - деді анасы Бақытгүл Жақыпова.