$ 494.87  520.65  4.91

«Жүрек айнып, бас ауырады»: Атырауда жағымсыз иіске байланысты мұнай өңдеу зауыты тексеріліп жатыр

“Бұл – мұнай өнімдерінің иісі”, - деп түсіндірді Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспардан тыс тексеру басталды, деп жазады Ақ жайық басылымы.

​​​​​Атырауда бірнеше түн қатарынан жағымсыз иіс жайлап, тұрғындардың көпшілігі бас ауруына, әлсіздікке, жүрек айнуына шағымдануда. Осыған байланысты облыстық экология департаменті Атырау мұнай өңдеу зауытын жоспардан тыс тексеруді бастады.

“Бұл – мұнай өнімдерінің иісі. Біз Атырау мұнай өңдеу зауытын жоспардан тыс тексеруді бастадық, қазір біздің қызметкерлер зауытта. Бұдан басқа, зертхана желдің бағыты бойынша атмосфералық ауаны бақылайды. Ал жел қазір оңтүстік-батыс, яғни зауыт жақтан соғып тұр”, - деп түсіндірді тексеру нысанын таңдалуын Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов.

Тексеру қаншалықты тиімді болады, бастысы, түндеріміз жағымсыз иіссіз тыныш болатындай нәтиже бере ме, жоқ па, белгісіз. Өйткені, қала тұрғындары ауаны ластайтын әлеуетті көздерге – кәсіпорындарға қанша мәрте тексеру жүргізілгенінен жаңылысып қалды. Ал қалада ауаны ластау жалғасуда.

Еске салсақ, бір ай бұрын департамент Атырау мұнай өңдеу зауытына профилактикалық бақылау жүргізіп, жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам заң бұзушылықтарға айыппұл салған болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары