$ 448.15  483.46  4.86

Астанадағы кафеде «ыстық бәліш» деген жасырын сөзбен есірткі сатылып келген

Үй тағамдары әзірленетін кафелердің бірінде есірткі сатқаны үшін 52 жастағы иесі ұсталды.

Елорда кафелерінің бірінде гашиш «ыстық бәліш» құпия сөзімен бүркемеленіп сатылған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-тергеу ісінің ұзақ кешені барысында арнайы операция нәтижесінде елорда аумағында аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу арнасы жойылды.

Үй тағамдары әзірленетін кафелердің бірінде есірткі сатқаны үшін 52 жастағы иесі ұсталды.

Ол өз мекемесінде «ыстық бәліш» деген кодпен есірткі затын сатқан.

Әйел тұратын ғимарат пен кафені тінту кезінде сатуға дайындалған «гашиш» салынған 56 қағаз орамасы табылды. Сол жерден есірткі сатқаннан алынған 2,5 млн теңге сомасындағы ақша шықты.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтың айтуынша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 килограмнан асады.

Күдікті әйел өз кінәсін мойындап, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары