$ 448.56  478.03  4.79

Танымал актриса мектеп кезінде зорланғаны туралы сырын жайып салды

Жиырма жыл бұрын зорлық-зомбылықтың құрбаны болған актриса басынан өткен қиыншылықтар өзге қыз-келіншектерге сабақ болса дейді.

Сәбина Сәкен отандық киносүйер қауымға актриса, ал телекөрерменге продюсер әрі журналист ретінде жақсы таныс. Ол осыдан 20 жыл бұрын зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын алғаш рет ашып айтты, деп хабарлайды Экспресс К 

Сәбинаның айтуынша, ол кезде 16-17 жастағы бойжеткен еді. Сұмдық жағдай құрбысының үйінде болыпты. Зорланғанын ата-анасы да, туған-туыстары да әлі күнге дейін білмейді екен. 20 жыл ішінде сақтаған сырын актриса бірінші рет дүйім жұртқа жария етуді жөн көрген.

"Мені мектепте жүрген кезде зорлаған. Ол туысым емес, жақыным емес. Бір құрбым мені туған күніне шақырды. Қарасам сол туған күн кешінде бір жігіт отыр, мені билеуге шақырды. Ол жігіттің кім екенін құрбымнан сұрасам, "әкемнің екінші әйелінің баласы" деді. Ол жігіт менен үлкен екен. Ертесінде құрбым ол жігітке ұнап қалғанымды айтты. Сосын ол жігіт маған "қызым боласың ба?" деді, мен оған "иә" дедім. Арасында сабақтан қашып, сол үйге барып келеміз. Сөйтсем ол жігіт "криминал" екен. Әлгі үйде полициядан қашып жүрген бала екен", — дейді актриса.

Қылмысқа қатысы барын естіген Сәбина бірден сүйіктісімен арадағы қарым-қатынасты тоқтатуды жөн көреді.

"Сенің кінәң жоқ, бірақ мен сенің қызың бола алмаймын" дедім. Сол кезде ол пышақ шығарып, менің мойныма тақады да, шешін деді. Мен жыладам, "өтінемін, тиіспей-ақ қойсаң" деп жалындым. Құрбымды шақырдым, айғайладым. Терезеден секірейін десем, темір тор тұр. Сосын ол жігіт мені ұрды, мен шыңғырдым, айғайладым. Содан кейін мені зорлап тастады да, "киініп кете бер, боссың" деді. Негізі өзім де кінәлімін", — дейді Сәбина ханым.

Жиырма жыл бұрын зорлық-зомбылықтың құрбаны болған актриса басынан өткен қиыншылықтар өзге қыз-келіншектерге сабақ болса дейді.

"Бұл жерде менің басты мақсатым — егер де адам өзіне қатысты оқиғаны айтып беретін болса, онда дер кезінде жұмыс істеп, психолог, психотерапевт, білікті мамандардан кеңес алып, бұл проблеманы бірден шешуге болады", — дейді актриса Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында.

Айта кетейік, актриса Сәбина Сәкен отандық "Класстастар", "Достучаться до мужчин" сынды фильмдерде ойнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары