$ 494.87  520.65  4.91

Қапшағай су қоймасында үш қызды құтқарған азамат марапатталды

Александр Ананиев суға батып бара жатқан қыздарды көріп, дереу көмекке ұмтылған.

Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Қапшағай су қоймасында үш қызды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы және жанқиярлығы үшін Александр Ананиев "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Медаль Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының шеруі алдында өткен салтанатты шарада табыс етілді.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Александр биыл 17 шілдеде балалары және немерелерімен демалыс орнында демалып жүрген. Ол суға батып бара жатқан қыздарды көрңп, дереу көмекке ұмтылады.

Керемет күш-жігердің арқасында ол екі қызды қолына іліп, тереңірек сүңгиді және үшіншісін қолынан ұстайды. Нәтижесінде суға батып бара жатқан үш адамды да аман алып қалды.  Оған спорттық жаттығулар мен жақсы жүзе білу көмектесті. 

"Бәрі толығымен тыныштықта болды.  Шеңбердегі қыз ғана айқайлады. Егер ол жан-жақтағылардың назарын аудармаса, үшеуі де суға батып кетер еді", – деп еске алады Александр Ананьев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары