$ 448.15  483.46  4.86

Алматыдағы Горький саябағында екі көлік өртеніп кетті

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Алматыдағы Горький саябағында екі көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 қыркүйек сағат 14.37-де Медеу ауданы, Гоголь көшесі, 1Б үйінің маңындағы өрт туралы хабар түскен.

"Сағат 14.44-те келген кезде 12 шаршы метр аумақта екі автокөліктің ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды, өрттің жақын маңдағы ағаштар мен басқа да көліктерге таралу қаупі болды. Өрт 14.58-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады департамент.

Автокөліктегі өрт тез таралған, қазір ол толығымен жойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары