$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбе облысында полиция қызметкері қасындағы серігін атып өлтірген

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Полиция қызметкері аң аулауға шығып, қасындағы серігін атып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі (Абайсызда қазаға ұшырату) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

3 қыркүйек күні Хромтау ауданының кезекші бөліміне ер адам аң аулау кезінде өзінің танысын байқаусызда атып алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция қызметкері демалыс күнінде танысымен аңшылыққа барған. Аң аулау кезінде байқаусызда өзіне тиесілі қарумен қасындағы серігін атып алған. Соның салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары