Жол апатына алты адам ұшырап, үшеуі қаза тапты. Опат болғандардың екеуі - бала, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қыркүйек күні таңғы уақытта Ескелді ауданында Toyota Camry және Mitsubishi L200 көліктері соқтығысты. Жол апатына алты адам ұшарап, үшеуі қаза тапты.
“Алматы – Өскемен” тас жолының 295 шақырымында Toyota Camry көлігін тізгіндеген 40 жастағы ер адам рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, Mitsubishi L200 көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында жас әйел мен 10 жасар бала көз жұмды. Ауыр жарақат алған тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді, алайда оның бірі - 13 жасар қыз да мерт болды", ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыстық іс тіркелді.