$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысындағы орман өрті кезінде 10 адам зардап шекті

Сондай-ақ, Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде болған өрттен екі адам қаза тапты.

Жергілікті елдімекеннің 5 тұрғыны, соның ішінде біреуі бала және бір орманшы, бір әкімдіктің қызметкері, сондай-ақ ТЖМ-ның 3 қызметкері жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат пен күйік алып, уланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың төртеуі орталық аудандық ауруханаға орналастырылған, алтауы тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

"Тұрғындар мен өрт сөндіруге жұмылдырылған қызметкерлер арасында қаза болу және жарақат алу жағдайлары тіркелген жоқ. Жағдайдың жақсаруына байланысты Р-36 республикалық маңызы бар автожолындағы қозғалыс және темір жол (поездар) бойынша поездар қозғалысы толық көлемде қайта жанданды (№82, 43, 51, 37, 622 поездар, барлығы-908 жолаушы)", - деп нақтылайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Қостанай облысындағы өрт 2 қыркүйектен бастап сөндіріліп жатыр.

Сондай-ақ, Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде болған өрттен екі адам қаза тапты.

Қостанай қаласындағы қару-жарақ дүкенінде болған өртті сөндіру барысында 50% дене күйігін алған дүкен директоры ауыр халде қалалық ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ үйінділердің астынан екі ер адамның денесі табылды, олардың жеке басы анықталып жатыр, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін өрт салдарынан 1 адам қаза болғандығы туралы хабарланған болатын. Алайда тексеру барысында табылған мәйіттің саны екіге жетті.

3 қыркүйек күні сағат 11:20-да Назарбаев даңғылындағы «Оружейная палата» дүкенінде өрт шыққаны және оның «ЮГ» КЖС-ге, автобөлшектер дүкенінің ғимаратына, асханаға таралғаны белгілі. Өрт 8 жеке тұрғын үйге таралып, оның ішінде екі қабатты үш коттедж бен сарай өртенді, сондай-ақ 6 автокөлікке зақым келді. Өрттің жалпы ауданы 2500 шаршы метрді құрады.

Оқ-дәрілердің жарылуына байланысты қару-жарақ дүкенінің жертөлесіне кіру қиынға соқты. Зардап шеккендердің болуын тексеру үшін жеке құрам броньды кеудешелермен және қалқандармен жарақталды. Өрт 14:29-да ауыздықталып, 18:42-де жойылды.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 48 адамы мен 16 бірлік техникасы, ЖАО жеке құрамының 6 адамы мен 5 бірлік техникасы, Жедел-құтқару жасағы жеке құрамының 9 адамы мен 2 бірлік техникасы, ҚТЖ жеке құрамының 4 адамы мен 1 бірлік техникасы, ІІМ жеке құрамының 12 адамы мен 6 бірлік техникасы, сондай-ақ 103 қызметінің 6 адамы және 3 бірлік техникасы қатысты.

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары