Қостанайда қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс сәті түсірілген бейнежазба желіде жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.
Видео "Наша Газетаның" Telegram-арнасында жарияланды.
Alau.kz сайтының жазуынша, "Оружейная палата" дүкеніндегі жарылыс сәті бейнетіркегішке түсіп қалған. Видеодан ғимараттан өрт шығып жатқанын көруге болады. Кейін сол дүкеннен бірнеше адамдар жүгіріп шығады.
Жарылыс салдарынан дүкеннің 7 қызметкері зардап шекті. Оның төртеуі қаза тапты. Ал күйік шалған үш адам ауруханаға жеткізілген.
"Аталған деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 204-бабы 2-бөлігі (отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірілген іс-әрекет), 341-бабы 1-бөлігі (ормандарды жою), 292-бабы 3-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", — делінген хабарламада.
3 қыркүйекте Назарбаев көшесіндегі "Оружейная палата" дүкенінде өрт шыққан болатын.