$ 447.4  477.55  4.76

Алматы облысындағы мектепке Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі берілді

Алтынбек Сәрсенбайұлы Қазақстанның көрнекті саясат және мемлекет қайраткері. Ол 2006 жылдың 13 ақпанында кісі қолынан қаза тапты.

Алматы облысындағы мектептердің біріне белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының аты берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Бұл ақпаратты Facebook қолданушысы Ерқанат Тұрсынжанұлы бөлісті.

“Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылындағы орта мектепке, осы мектептің түлегі, мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі берілді. Құтты болсын!”, – деп жазды желі қолданушысы. 

Алтынбек Сәрсенбайұлы Қазақстанның көрнекті саясат және мемлекет қайраткері. Ол 2006 жылдың 13 ақпанында кісі қолынан қаза тапты. 

Ол Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2002-2003), Ақпарат және қоғамдық келісім министрі (2004) қызметін атқарған.

“Ақ жол" саяси партиясының негізін қалаушылардың бірі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары