$ 443.85  474.3  4.8

«Тұрғындар жағымсыз иіс сезген»: Өскеменде жертөледен адам мәйіті табылды

Дене жарақаттары анықталмады.

Өскемен қаласында көпқабатты үйді жертөлесінде зейнеткердің мәйіті табылды, деп хабарлайды Устинка LIVE порталы.

Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылында орналасқан бесқабатты үйдің тұрғындары бірнеше күннен бері жертөледен жаман иістің шығып тұрғанын сезген. Содан полицияға хабар берді.

Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, 3 қыркүйекте қаладағы Үлбі полиция бөліміне жертөледен жаман иістің шығып тұрғаны туралы хабар түскен.

Тұрғындар өліктің иісі деп болжам жасады. Оқиға орнына жедел тергеу тобы барды. Полицейлер жертөледен 63 жастағы ер адамның мәйітін тапты. Дене жарақаттары анықталмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары