$ 448.15  483.46  4.86

Қостанай облысында өрт сөндіріп жатқан сала мамандарына екі айлық көлемінде сыйақы беріледі

Олар ерлік танытып, шұғыл қимылдап, кәсіптеріне адал екенін көрсетті.

Қостанай облысындағы өртті сөндіріп жатқан сала мамандарына 2 айлық еңбекақы көлемінде сыйақы беріледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен жалынмен күресіп жатқандардың бәріне өз атымнан жеке алғыс жолдағым келеді. Олар ерлік танытып, шұғыл қимылдап, кәсіптеріне адал екенін көрсетті. Олар ең жоғары бағаға лайық деп ойлаймын және тиісті марапат алады. Оның ішінде қаржылық тұрғыдан да. Үкімет өрт сөндіруге тікелей қатысқандарды екі айлық еңбекақы көлемінде марапаттау туралы тиісті қаулы әзірлеуі керек», - деді Президент Қостанай облысындағы жұмыс сапары кезінде.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Төтенше жағдайлар министрлігін қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге қабілетті институт ретінде күшейту туралы тапсырма бергенін жазған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары