$ 443.85  474.3  4.8

Рим папасын көру үшін елімізге шетелден үш мыңға жуық адам келеді

Католик Шіркеуінің Басшысы Қазақстанға екінші рет келіп отырғанын атап өтеміз.

2022 жылғы 13-14 қыркүйекте Рим Папасы Францисктің Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Осыған орай, қарсы алушы тарап барынша дайындықты күшейтуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Алдағы діни форумның ерекшелігі Рим Папасы Франциск, әл-Азхардың Жоғарғы имамы Ахмед Мохаммед Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим Патриархы Теофил III, Ашкеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосиф және басқа да діни жетекшілер, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері болады.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың мәліметінше, Рим папасын көру үшін әлем елдерінен үш мыңға жуық қажы келеді. 

“2022 жылғы 13-14 қыркүйекте Рим Папасы Францисктің Қазақстанда мемлекеттік сапары өтеді. Сапар аясында Понтификтің Мемлекет басшысымен кездесуі (13 қыркүйек), Қазақстан жұртшылығы мен дипломатиялық корпус алдында сөз сөйлеуі (13 қыркүйек, «Қазақстан» орталық концерт залы), Мессасы (14 қыркүйек, ЭКСПО аумағы), сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне (14-15 қыркүйек) қатысу жоспарлануда. Қазақстанға әлемнің түрлі елдерінен 3000-ға жуық қажылар келеді деп күтілуде.

Католик Шіркеуінің Басшысы Қазақстанға екінші рет келіп отырғанын атап өтеміз. Рим Папасы Францисктің елімізге мемлекеттік сапары Рим Папасы Иоанн Павел II Қазақстанға 2001 жылы келгеннен кейін алғаш рет өтеді. Бұл Қасиетті Тақтың Қазақстанның әлемдік аренадағы, және бірінші кезекте, бейбітшілік жолындағы диалогты нығайту ісіндегі маңызды рөлін мойындағанын айғақтайды”, – деді Смадияров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары