Оқыс оқиға 5 қыркүйекте орын алды. Сағат 15:55-те облыстық ТЖД-ның кезекші пультіне Қарағайлы ықшам ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің ең жоғарғы қабатындағы пәтерлердің бірі отқа оранғаны туралы ақпарат келіп түсті.
№2-ӨСБ өрт сөндірушілері дереу оқиға орнына аттанды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Пәтерде жекелеген заттар өртенген. Қызыл жалын шалған аумақ көлемі 2 шаршы метрді құрады. Өрт кезінде пәтерде төрт бала болған.