$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысында да бір ауыл өрт құшағында қалды

300 гектарға жуық жер жанып жатыр.

Қарағанды облысы Қызылтау ауылының маңында өрт тұтанып, 300 гектарға жуық жер жалын құшағында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жау елді мекеннен 15 шақырым қашықтықта жанып жатыр. Бұл төңірекке 50 өрт сөндіруші мен еріктілер тартылды.

Бұдан бөлек, Қарағанды іргесіндегі Саран тас жолы маңында да өрт шығып, ол 2 гектарға ғана жайылған кезде құтқарушылар ауыздықтап үлгерді. Мұнда да құрғақ шөп өртенген. Қос жағдайда да зардап шеккендер жоқ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары