Алматы полициясы Көк-Төбеде ағаштарды өртеген күдікті адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.
Желіде белгісіз ер адамның әрекетінің видеосы пайда болды. Видеоны көрген алматылықтар өртті әлдебіреулер қасақана қойғанына сенімді.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар Көк-Төбе маңындағы елсіз жерде әлдебір дыбыс шыққан. Одан соң ит үріп, артынша құрғақ шөптер мен сарай өртенген.
“Видеодағы жер анықталды. Қазіргі таңда полиция тексеруде. Қала бейнеқабылауының деректері қаралады. Аталған әрекеттерді жасаған адам анықталды”, – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, кеше Алматыдағы Көк-Төбеде өрт шығып, тілсіз жау 1,5 сағат ішінде сөндірілген.
Қазіргі таңда Алматыда 33 градус ыстық болып тұр. Бір күннің ішінде қалада бірнеше өрт болған.