$ 494.87  520.65  4.91

Өрт қасақана қойылып жатыр деген ақпарат расқа айналатын түрі бар

Елдің әр аймағында тілсіз жаудың тұтануы бекер емес екен.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Желіде тараған ақпаратты дәлелдейтін айғақтар жарияланып жатыр, деп хабарлайды Skifnews порталы.

Журналист Ирина Советжанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Онда қолдан өрт қойып жатқан белгісіз ер адам байқалады.

"Еңбекшіарал ауылының маңайында түсірілген. Видео авторы қасақана өрт қойып жүрген адамның түрін видеоға түсірген.  Өзінің қасында әйелі болғандығы себепті қауіпсіздігіне алаңдап, күдіктіні ұстай алмаған. Әйелі екеуі жол бойы  от  қойылған жерлердің өртін өшіріп жүр. Түрі видеоға түсіп қалған адамды шұғыл тауып, қасақана әрекеті сұрауға алынуы керек", - дейді Ирина Советжанқызы.

Журналист Диас Нұрақынның айтуынша, әр аймақта тілсіз жаудың тұтануы бекер емес. Соңғы жағдайларға қарап, еліміздің әр жеріне қасақана өрт қойылып жатқанына сене бастағанын айтады.

"Қазақ даласын қасақана өртеп жатыр дегенге енді сене бастадым. Елдің әр аймағында тілсіз жаудың тұтануы бекер емес екен. Алматы облысында қураған шөпке от қойып жүрген мына жігітті видеоға түсіріп алыпты. Бұл тапсырма орындаушы ғана. Ал, қастандықтың басында кім тұруы мүмкін? Басы ашық сұрақ осы болып тұр. Жер өртеп атын шығара алмай жүрген оңбағанды табу керек", - дейді тілші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #өрт